Нұр-Сұлтанда тірі сиырды кранмен үйдің төбесіне көтерген (видео)

0
143

Нұр-Сұлтанда жұмысшылар тірі сиырды кранмен үйдің төбесіне шығарған сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Zhambylnews.kz AA.

Видео Instagram парақшада жарияланды.

«Не үшін? Біреу түсіндіреді ме!? Нұр-Сұлтанда сиырды құрылыс кранымен төбеге көтерді», — деп жазды автор.

Қолданушылар сиырды соймақ болды деген болжамын айтты. Көпшілігі мұндайды тек жабайы адамдар жасай алатынын атап өтті.

Елорда полициясы тәртіп бұзушыны жауапқа тартатынын атап өтті.

«Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталғаннан кейін құқықтық баға беріледі. Тәртіп бұзушы жауапкершілікке тартылады, — деп түсіндірді ведомствода.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here