ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік - жекеменшік әріптестік дамуда

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік - жекеменшік әріптестік дамуда

Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығымен бекітілген  денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын және Қазақстан Республикасының  Әлеуметтік даму және денсаулық  сақтау министрлігінің тапсырмасын орындау мақсатында жұмысшы тобы құрылды.
Топ құрамында Жамбыл облыстық мәслихат депутаты М.Төлепберген, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Қ.Аралбекова, өңірлік еңбек инспекциясының  басшысы Серғали Aйдапкелов және денсаулық сақтау басқармасының өкілдері болды. Жұмысшы топ және қосымша шақыртылған тұлғалармен бірлесе отырып, облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарын жекешелендіруге, сондай-ақ  сенімгерлік басқаруға беру мәселесін жан жақты талдау және сараптау жұмыстарын  жүргізді.  Емдеу алдын алу мекемелерін кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген тәжірибесін зерделей келе, келесі денсаулық сақтау ұйымдарын  беру жоспарлануда. Олар облыстық кеңес беру және диагностикалық медицина орталығы, облыстық офтальмологиялық орталық,  облыстық стоматологиялық емхана,  қалалық №1,2,4,5,7,8,9 емханалары,  Жамбыл медициналық колледжі, облыстық онкологиялық диспансер.
Сапар соңында сенімгерлік басқаруға  медициналық ұйымдарды беру  туралы шешім қабылданды. Алдағы уақытта  облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Mанжуовтың төрағалығымен  жұмысшы тобының  кезекті отырысын  өткізу  жоспарлануда.
 
Ғалия Ходжабаева, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, баспасөз орталығының тілшісі
Пікір: 0
Пікір қосу