Аймақ басшысы телеарнаның жаңа маусымының ашылуына қатысты

0 0

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев бірқатар сала ардагерлері, қаламгерлермен бірге облыстың бас телеарнасының жаңа маусымының ашылуына қатысып, журналистер қауымына деген ізгі тілегін білдірді ,   — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отыз жылдан астам тарихы бар облыстық «Jambyl» телеарнасының ұжымы қай кезде де көрермендерін мазмұнды жобаларымен қуантудан талған емес. Білікті мамандардан жасақталған ұжым биылғы жаңа маусымда да ерекше жаңа жобаларды эфирге шығармақ.

Қоғамда бұқаралық ақпарат құралдарының атқарар рөлі зор екені рас. Билік пен бұқара арасындағы алтын көпірді де журналистер лайықты жалғап тұр. Тілшілер қауымының тынымсыз еңбегінің арқасында жергілікті атқарушы билік өңірдегі өзекті мәселелерден хабардар болып, олардың шешілу жолдарын жан-жақты зерделейміз. Жұртшылық та облыстағы жағымды жаңалықтар мен атқарылған жұмыстарды сіздер арқылы біліп отырады. Телеарнаның өсіп-өркендеуі жолында ардагерлердің атқарған жұмысы да аз емес. Отыз жылдан астам тарихы бар ұжым жаңа маусымда көрермендерге тағы да жаңа жеті жоба ұсынып отыр.

  Бүгін радио қызметкерлерінің төл мерекесі. Біз үшін радионың орны қай кезде де бөлек. Биыл «Қазақ» радиосының 100 жылдығына орай іс-шаралар ұйымдастыру жоспарымызда бар. Жалпы журналистер қауымы тек мақтай бермеуі керек. Қажет жерінде сынай да білген дұрыс. Сол арқылы біз де жұрттың мәселесін біліп отырамыз. Ұжым көрермен назарына ұсынғалы отырған жобалардың барлығы да құнды деп білемін. Жұмыстарыңыздың жемісін көріңіздер, еңбектеріңіз елене берсін,-деді облыс басшысы құттықтау сөзінде.

  Бұдан соң сала ардагері, жазушы-драматург Елен Әліжан сөз алып, телеарна ұжымының жемісті еңбек атқарып жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ ол бірнеше ұтымды ұсыныстарын да жеткізді.

Ақын Ғайни Әлімбекқызы да жыл сайын тың жобаларымен, өткір тақырыптарымен елді қуантып жүрген ұжымға ризашылығын жеткізді.

Іс-шара барысында радио журналистер Бақытжан Советұлы, Лаура Әбдіқадір, Нұрқуат Рысдәулет облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Айта кетейік, жаңа маусымды «Jambyl» телеарнасы тәуелсіздігінің отыз жылдығында жеткен жетістіктерді сұхбат түрінде жеткізуді көздейтін «Тәуелсіздік таңы» бағдарламасын, «Төл құрдас», «Шевели извилинами», «Билік бейнесі», «Ошағың сөнбесін», «Алтыншы күннің кешінде», «Әкім: Уәде мен үде» хабарларын ел назарына ұсынады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.