Тараз қаласында бұрын жөндеу көрмеген көшелерге асфальт жабыны төселді

0 14

Тараз қаласындағы 1388 көшенің бүгінде 745-іне асфальт жабыны төселген. Ол жалпы жолдың 53,7 пайызын құрайды. Бұған дейін мүлдем жөндеу көрмеген бірнеше бұрылыстар мен тұйықтарға биыл алғаш рет асфальт жабыны төселді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бүгінгі таңда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында – 30, «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша – 70, жергілікті бюджеттерден – 91 жоба іске асырылу үстінде. Соның ішінде Тараз қаласында іске асырылып жатқаны 26 жоба бар.
Облыс орталығы Тараз қаласындағы 1388 көшенің бүгінде 745-іне асфальт жабыны төселген. Ол жалпы жолдың 53,7 пайызын құрайды. Ал 643 көшеге шағал төселіп, ретке келтірілген.

Шаһардағы бар жолдың жалпы ұзындығы 1831,3 километр. Оның асфальт жабыны төселгені 1092,6 километр, яғни жалпы жолдың 59,6 пайызын алып жатыр.
Бұдан бөлек, Тараз қаласы көшелерін орта жөндеуден өткізу бойынша 50 жоба қолға алыныпты. Оның 88,5 километрі жол, 5,9 километрі жаяу жүргінші жолы.
Шаһардағы атқарылып жатқан жол құрылысы бойынша Тараз қаласы әкімдігі тұрғынжай коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Зият Тұрсынұлын сөзге тартқан едік.

Биыл жергілікті бюджет есебінен 26 жоба іске асырылуда. Жоба аясында Бауыржан Момышұлы мен тағы басқа бірнеше үлкен даңғыл жолына асфальт абыны төселді. Абылайхан көшесінде бұрылыстар, тұйықтар бар. Бұған дейін мүлдем жөндеу көрмеген бұрылыстар мен тұйықтарға биыл алғаш рет асфальт жабыны төселді. Оған көше тұрғындары дән риза. Бәрі бір-екі күнде бітеді. Бұдан бөлек, биыл 3,8 километр жолды орта жөндеуден өткізу қаралған еді. Ол №14 шағын аудандағы ауруханаға апаратын жол, №31 мектепке және Жангелдин көшесінен Тектұрмас кешеніне апаратын жол жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілмек. Бұл құрылыс жұмыстарына 11 мердігер тартылып, жүздеген құрылысшы техникасымен жұмылдырылған болатын. Бүгінгі таңда құрылыс компаниялары өз міндеттерін толық орындап, нысандарды тапсыруда. Қалған жолдар да басталғаннан бастап есептегенде мерзімінен бұрын аяқталғалы тұр, — дейді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.