Жамбылда сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар 40 пайызға азайды

0 2

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында Жамбыл облысында тоғыз айдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстардың саны өткен жылға қарағанда 40 пайызға азайғандығы айтылды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Әділхан Әшірбаев ауыл шаруашылығы саласындағы субсидиялау бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелеріне тоқталды.

Өңірде өткен жылы жедел-тергеу бағыты бойынша 113 қылмыс тіркелсе, биылғы тоғыз айда бұл көрсеткіш 55-ке азайған. Оның ішінде сыбайлас жемқорлық сипаттағы қылмыстар 32-ні құрайды.

Облыс әкімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асырудың құқық қорғау органдарымен бірлескен жоспарына сай жұмыс жүргізу керектігін баса айтты.

Барлық салалар бойынша жемқорлықтың тәуекелдеріне сыртқы және ішкі талдаулар жұмыстарына аса мән беріп, формальді түрде емес, шынайы жүргізу қажет. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірге инвесторларға және кәсібін бастағандарға «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету сапасын арттыру шараларын жетілдіру керек. Хаттамалық тапсырмалардың сапалы әрі уақытылы орындауды тапсырамын,- деді Б. Сапарбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.