Жамбылда әлеуметтік нысандар толық электр жарығына қосылды

0 1

Жамбыл облысында кеше болған дауылды жел салдарынан жоғары кернеулі желілерде авариялық жағдай туындап, тұтынушылар 180 МВт көлемінде электр энергиясынан шеттетілген болатын. Яғни, Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Талас, Сарысу және Шу аудандарындағы 137 елді мекенде 53 840 абонентте электр жарығы сөнген, бұл облыстағы 257 мың абоненттің 20 пайызын құрайды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде облыс әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет мәлімдеді. Ол қазіргі уақытта 127 елді мекендегі 45 584 абонентке электр қуаты жеткізілгенін де айтты. Қалған 10 ауылдағы (Байзақ — 4, Жамбыл — 3, Жуалы — 3, Талас — 2, Сарысу — 2 және Мойынқұм — 1) 6350 абонентке электр энергиясын қосу жұмыстары жүргізілуде.

«Өңірдегі 51 білім нысанында – 41 мектеп, 8 балабақша, 2 колледждің 5 мың шаршы метрге жуық шатыры, 10 денсаулық сақтау нысанының 2 430 шаршы метр шатыры, 2 мәдениет үйінің 90 шаршы метр, 7 әкімшілік ғимараттың 210 шаршы метр, 21 көп қабатты тұрғын үйдің 5 мыңнан астам шаршы метр шатырлары ұшып, зақымданған», — деді Рүстем Рысбайұлы.

Спикер бүгін барлық әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерге электр жарығы толығымен қосылғанын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.