Ардагерлерге мерекелік төсбелгі табысталды

0 2

Биыл Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 30 жыл толып отыр. ​ Осыған орай аудандық «Достық» мәдениет үйінде «Семей полигонына 30 жыл» мерекелік төсбелгімен бір топ ардагерлерді марапаттау рәсімі өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

​ Жиынның шымылдығы Семей полигонының халыққа тигізген азабы мен зардабы ​ туралы түсірілген бейнероликпен ашылды.

Марапаттау рәсімінде алғашқы сөз аудан әкімі Олжас Қаржауов берілді. Өңір басшысы ардагерлерге алғыс білдіріп, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесімен құттықтады.

Ардагерлерге мерекелік төсбелгіні аудан әкімі Олжас Қаржауов және аудандық мәслихаттың хатшысы Ерғали Тілеубеков тапсырды.

Сонымен қатар, Семей полигоны ардагерлері ұйымының төрағасы Шынарбек Райысбеков сөз сөйлеп, ядорлық сынақтың зардабы туралы айтып, ардагерлердің жай-күйі, олардың Отанға деген сүйіспеншілігі және патриоттық тәрбие жайында сөз қозғады. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Шара соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының ән шашуымен жалғасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.