Жамбыл облысында ахуал тұрақты

0 6

Жамбыл облысында:

— коменданттық сағат уақыты кешкі 23:00-ден таңғы 7:00-ге дейін

-ХҚКО, банктер, базарлар таңғы 09:00-ден кешкі 17:00-ге дейін қызмет көрсетеді
-дүкендер 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді

-автокөлік, әуе, темір жолдары ашық. Теміржол вокзалында 23.00-ден кейін пойыздан түсетін жолаушыларды арнайы кезекші автобустар тасымалдайды
Медициналық мекемелер, азық-түлік дүкендері, базарлар мен жанар-жағар май құю бекеттері қалыпты жағдайда жұмыс атқаруда.

Азық-түлік, дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Баға тұрақтылығы күнделікті бақылауда.
Облыс бойынша 29 блок-бекет жұмыс істеуде, оның ішінде Тараз қаласының кіріс-шығыс қақпаларына 10 блок-бекет қойылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.