Облыстық ақпараттық — түсіндіру тобы Жамбыл ауданында болды

0 8

Жалпақтөбе ауылдық Мәдениет үйінде облыстық мәслихаттың хатшысы Махметғали Сарыбеков бастаған облыстық-ақпараттық түсіндіру тобы  кездесу өткізді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Кездесуге Nur Otan партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дауыл Бейсенқұлов, республикалық «Барбанг» этно-мәдени орталығының облыстағы өкілі Сартив Алиев және облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Шәріп Дәулетбаев, жергілікті мемлекеттік орган басшылары, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, БПҰ-ның төрағалары, этно-мәдени бірлестік және зиялы қауым өкілдері, жастар қатысты.

Жиынды аудандық мәслихат хатшысы Райымбек Сейітов жүргізіп отырды.

Кездесуде Махметғали Нұрғалиұлы халықтың арасына іріткі салып, берекені қашыруды мақсат еткен азаматтар өкінішке орай бар екенін салмақты оймен жеткізді.

Бүгін аймақта Төтенше жағдай режимі толықтай алынды. Дегенмен қауіптілігі жөнінде әлі де қызыл аймақтамыз. Облыс бойынша қаңтардағы қақтығыста 15 азамат көз жұмып, 2040-тан азамат ұсталды. Қоғамды екіге ажыратуды көздегендердің салдарынан қаншама ғимарат қирады. Бұдан біз саьақ алу керекпіз. Ұрпақ сабақтастығы мен тәрбиесі жолындағы жұмыстарға баса мән беру керекпіз, — деді мәслихат хатшысы.

Сондай-ақ тұрғындар тарапынан оқиға байланысты өз ойын білдіргендер болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.