Облыс əкіміне ауылшаруашылық жəне кəсіпкерлікті дамытудың арнайы картасы таныстырылды

0 0

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалық етуімен өткен басқосуда өңірдегі ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласын дамыту мәселелері талқыланды. Басқарма басшылары ендігі кезекте жұмыс саланы дамыту карталарына сай жүргізілетіндігіне тоқталып өтті. Өз кезегінде, өңір басшысы салалық басқарма басшыларының назарын бар кемшіліктер мен оларды жою жолдарына аударды.

Аймақтағы ауыл шаруашылығы саласының даму қарқыны жайлы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұржан Нұржігітов баяндама жасады. Cондай-ақ, басқарма басшысы саланы дамытудың картасының дайындалғанын атап өтті. Онда облыстағы агросекторды алға жылжытудың нақты қадамдары түзіліп, тиісті индикаторларға қол жеткізудің межелі уақыты көрсетілген. Бір сөзбен айтқанда, агросектордың 7 саласын қамтитын бұл карта басқарманың алдағы уақытта жұмыс жоспарына айналмақ. Жалпы облыста 2017 жылдың қорытындысы бойынша ауылшаруашылығы мақсатында 630,2 мың гектар жер қолданыста болса оның 17,3 пайызы минералды тыңайтқыштармен өңделген. Сонымен қатар өңірде сүт және ет өңдеу бағыттары бойынша да жалпы саны 36 кәсіпорын жұмыс жасауда. Бұл агроқұрылымдардың сапын ағымдағы жылы сүт бағытында 24 және ет бағытында 17 кооператив құру жоспарланып отыр. Қой шаруашылығын дамыту бағытында жұмыс қарқынды қолға алынып оның санын 2021 жылы 2,9 миллионға жеткізу көзделіп отыр. Мұнан бөлек сиыр етін өндіру көрсеткішін де 3 жыл ішінде 59,4 мың тоннадан 72,1 мың тоннаға жеткізу жоспарда бар.
Жиында жасаған баяндамасында Н.Нұржігітов облыстағы фитосанитарлық жағдай, тұқым шаруашылығының дамуы мен ауылшаруашылығы техникаларын жаңарту қарқынын назардан шет қалдырмады.
Облыс экономикасының өзегі саналатын кәсіпкерлікті дамытуды алдағы уақытта жаңадан түзілген картаға сай жүзеге асады. Кәсіпкерлік және индустриальды-инновациялы даму басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова таныстырған картада өңдеу өнеркәсібінің жұмысын жүйелеу, кәсіпкерлерді қаржыландыру, өңірдегі инвестициялық жобаларды табысты іске асыру міндеттерінің қамтылғанын тілге тиек етті. Негізінен өткен жылы облыстағы қайта өңдеу өнеркәсібі өнімінің 2017 жылы 1,6 пайызға өсіп, 254,9 миллиард теңгені құраған. Нәтижесінде 3,9 мың жаңа жұмыс орнының құрылып, салықтық түсімдердің 12 пайызға өскен. Өңірде кәсіпкерлікті дамыту картасының шеңберінде жобалық қуаттылығынан шығуына және ары қарай дамуына түрлі кедергілер әсер етіп отырған 330 кәсіп өңдеу кәсіпорындарының базасы жинақталды. Соңғы деректер бойынша 84 кәсіпорын өз қызметін тоқтатты. Жалпы, қайта өңдеу саласының облыс экономикасындағы үлесі 69,3 пайызды құрап отыр.
Баяндамаларды талқылап болған соң өңір басшысы Асқар Мырзахметов басқарма басшыларына экспортқа бағытталған кәсіпорындарды дамыту, тоқтап қалған өнідіріс ошақтарын қайта іске қосу, ұсақ шаруа қожалықтарды ірі агроқұрлымдарға біріктіру сынды маңызды мәселелерге назар аударуды тапсырды. Сондай-ақ, алдағы уақытта күн сайын салалық басқармалармен дайындалған даму картасындағы міндеттердің орындалуы облыс әкімінің жіті бақылауында болатындығы айтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.