Көне дәстүр қайта жаңғырған түн

0 1

Наурыз айының 21нен 22не қараған түн Ұлыс күнін  тойлайтын шығыс  халықтары  үшін ерекше күн болып саналады.  Дәл осы мезгілде күн мен түн теңеледі деп саналады. Сол кезде қазақ халқы таңды ерте қарсы алатын болған. Дәл осы түні ауыл жастары алтыбақан теуіп, ән салып, түрлі салт-жоралғыларды орындап, жаңа жылды қарсы алған. М.Х.Дулати университетінің ұжымы осы дәстүр-салтты жаңғыртып, «Селт еткізер», «Ұйқы ашар» жоралғыларын сахнада қойылым жасау арқылы көрсетті.  Студент жастар жаңа жыл таңын ұйқысыз қарсы алу үшін «Ұйқы ашар» ұйымдастырды.  Бір-біріне кәде, сый жасап «Селт еткізер» өткізді.  Одан кейін Мәдениет басқармасы, Жамбыл облыстық драма театрының ұжымы «Алты бақанда» ән салды. Сонымен қатар ортаға алау жағылып, дәстүрлі әндер шырқалды. «Асыл аналар» ансамблі де жастардың бастамасын қолдап, жол көрсетті. «Табақ тартудың» реті мен барысы түсіндірілді. Шара соңында келушілерге  наурыз көже мен бауырсақ таратылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.