Жамбыл облысының оқушылары 21 түрлі үйірмелерге тегін қатысады

0 2

Облыс оқушылары білім басқармасының мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықта мәдени қызығушылықтары мен шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында 21 түрлі үйірмелерге тегін қатыса алады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жасөспірімдер орталығында оқушылар қобыз, жетіген, домбыра сынды аспаптарда ойнауға, эстрадалық вокалмен айналысуға дағдыланады.

Сондай-ақ, орталықта жас тілшілерге арналған үйірме де бар. Онда 5-9 сынып оқушылары сауатты жазуға, оқуға дағдыланып, ойды көркем жеткізуге үйренеді.
«Нұр Отан» партиясының «Балаларға арналған ақысыз ІТ-сынып ашу» бастамашыл жобасы аясында орталықта ІТ сынып ашылды. Аталмыш сыныпта 10 оқушы бағдарламалау мен робототехниканың қыр-сырын үйренеді.

Сонымен қатар жасөспірімдер орталығында таэквондо, каратэ, театр студиясы сынды үйірмелерде оқушылар бос уақыттарын пайдалы өткізіп, болашақ мамандықтарын бүгіннен игере алады.

Айта кетейік, бүгінде орталықтың үйірмелеріне қатысушы 1000-нан аса бала халықаралық, республикалық және облыстық байқаулардан жүлделі орындарды иеленген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.