Жамбыл облысында үш ауысымды мектептер мәселесі толығымен шешілді

0 33

Жаңа оқу жылы – жағымды жаңалықтарға толы. Биыл өңірдегі үш ауысымды мектептер мәселесі толығымен шешілді.  Бұл туралы  «Баласағұн» ОКЗ-да өткен  «Keleshekke – kemel bilimmen» атты облыстық тамыз кеңесінде айтылды,- деп жазады «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Биыл білім жүйесін қаржыландыруға 130 миллиард теңге бөлінді. Бұл  өткен жылмен салыстырғанда 22,2 миллиард теңгеге артық.  Қарастырылған қаржының  5,1 миллиард  теңгесі білім беру нысандарының құрылысы мен күрделі жөндеуге бағытталған. Бүгінгі таңда облыс бойынша 16 білім нысанының құрылысы жүргізіліп, 5 мектеп жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі. Оның 1-уі үш ауысымды, 1-уі апатты және 3-уі орын тапшылығы бар мектептің мәселесін шешеді. Осылайша биылғы жылы облыста үш ауысымды мектептер мәселесі толығымен шешілді.

Сондай-ақ, биыл  өңірде 2194 орындық 15 мектепке дейінгі ұйым ашылып,  жекеменшік балабақша үлесі 31,4 пайызды құрады. Бүгінде облыстағы 171 жекеменшік балабақшада 14984 бала тәрбиеленуде. Ол мектепке дейінгі біліммен қамтылған барлық баланың 27,2 пайызын құрайды.

Бүгінде аймақтағы барлық мектебі бірыңғай сандық жүйеге қосылған. Өңірде балабақшаға балаларды кезекке қою және жолдама алу (edugarden.kz), мектепке 1 сыныпқа қабылдау және жазғы сауықтыру және демалыс лагерьлеріне жолдама беру (eduschool.kz), техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне оқуға қабылдау (zhambyltipo.kz) жүйесі 100 пайыз автоматтандырылды. Ағымдағы жылы өңірдегі 3-6 жас аралығындағы балалардың  жыл соңынан дейін  балабақшамен 100 пайыз қамтылатындығы десек қателеспейміз. Бүгінде бұл көрсеткіш  98,6 пайызды құрап отыр.  Мектепке дейінгі білім беретін ұйымдардың саны 545-ке жетті. Онда 55207 бала тәрбиеленуде.

2018 жылы аудандар мен Тараз қаласында 14 IT сыныбы ашылса, жыл соңына дейін 37 IT сынып ашылады. Сондай-ақ, Wi-Fi желісімен облыс мектептерінің 100 пайыз және робототехника кабинеттерімен 174 мектеп жабдықталған.

Облыстық білім басқармасы Арыс қаласында орын алған оқыс оқиғадан зардап шеккен отбасылардың 473 баласын облыстың сауықтыру лагерьлеріне орналастырып, жазғы демалыспен қамту шараларын ұйымдастырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.