Прокуратура: Жамбыл облысында «өлі жандар» жарты миллионнан астам теңге алды

0 4

Шу ауданаралық прокуратурасы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметін тексеру шеңберінде қайтыс болған мүгедектерге оңалту қызметі үшін бюджеттен заңсыз қаражат бөлу 12 фактісін анықтады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Жамбыл облысының прокуратура қызметіне сілтеме жасап.

Мысалы, 1-топ мүгедегі К. деген азаматқа денсаулығына байланысты жылдың соңына дейін жеке көмекші тағайындалып, бюджеттен ай сайын 15 мың теңге еңбекақы төленді.

К. деген азамат 25.01.2019 ж. қайтыс болғанына қарамастан, а.ж. қаңтар-шілде айлары аралығында жеке көмекшіге мемлекеттік бюджеттен заңсыз еңбекақы төленді.

Яғни, мемлекетке жарты миллионнан астам теңғе залал келтірілді.

Аталған факт ҚК 190-бабы (алаяқтық) бойынша СДТТБТ-да тіркеліп, қазіргі кезеңде сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ, әлеуметтік көмекшілерге мұқтаж 1-топ 6 мүгедекке көмекшілер тағайындалмаған, яғни олардың құқықтары бұзылған.

Сонымен қатар, жұмыспен қамтылған 16 мүгедектен 1,3 млн. теңге көлемінде заңсыз табыс салығы ұсталып отырған.

Қабылданған прокурорлық ықпал ету шаралары нәтижесінде мүгедектер оңалту мен әлеуметтік қызметтерімен қамтамасыз етіліп, заңсыз ұсталған сомалар толығымен қайтарылды. Кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.