Жамбылда жасалған қанат қақты жоба үкіметте құпталды

0 1

Жамбылда жасалған қанат қақты жоба үкіметте құпталды. Бүгін үкімет отырысында аймақ басшысы әлеуметтің әлеуетін артыратын бастаманың мазмұнын баяндады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сан мәрте сарапталып, күнде кеңесіп әбден пысықталған пилоттық жоба ауылдық жердің ажарын ашуға арналған. Көз жеткен дүниеге үкімет тарапынан демеу болуға премьер министр жауаптыларға бір ай уақыт берді. Бұл деген сөз 46,4 млрд теңге көлемінде 31 мыңнан астам жоба жүзеге асыралады.

Күтер нәтиеже: Біріншіден  131 мың отбасы айына орта есеппен 128 мың табыс табады. Бұл бүгінгіден 4 есе жоғары. Екіншіден 68 мың адам жеке кәсіпкерге айналады Үшіншіден Ауылшаруашылығы 34 пайызға ұлғаяды. Төртіншіден  Сүт пен етті қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 30 пайызға артады. Бесіншіден Үй іргесіндегі және пайлық жерлердің тиімділігі артады. Бұл жобаны жүзеге асыруда кім не атқарады? Нақты істе нәтиже шығаруға не кедергі? Бұл сұрақтарға бас ауыртудың қажеті жоқ. Өйткені әр қадамның алдын ала кестесі түзіліп қойған.

Әуелі жаппай емес әр ауданнан бір-бір ауылдық округ пилоттық жобаға еніп отыр. Ендігі жерде 7,2 млрд теңгеге 23 елді мекенде тірлік басталғалы тұр. Осы он ауылдық округ өзгелерге үлгі ретінде анығы жол көрсетер бағдары болмақ. Бүгінгі үкімет отырысында Жамбылда қолға алынған осындай ауқымды жобаны елімізге енгізу ұсынылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.