Жамбылда сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған 11 тұлға басшы лауазымда жұмыс жасаған

0
340

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев айтты, – деп хабарлайды “Zhambylnews” AA

 Еңбек және сыбайлас жемқорлық заңнамаларына сәйкес, бұрын сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасаған адам, әрі қарай мемлекеттік қызметке немесе азаматтық қызметке басқару функцияларын орындаумен байланысты лауазымға қабылданбайды деп нақты көрсетілген.

Ол бойынша қабылдаған тұлғаның да тиісті жауапкершілігі көзделген. Атап айтқанда, «Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау – бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады» – делінген.

Осыған байланысты, Департаментпен жоғарыда көрсетілген заңнамалардың сақталуына мониторинг жүргізілді. Мониторингпен 2000-нан аса басшы лауазымдағы тұлғалар қамтылып, оның қорытындысы бойынша Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл, Талас, Сарысу, Қордай аудандарының басқару функциясымен байланысты азаматтық қызметке сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған 11 тұлға қызмет атқарып отырғандығы анықталды.

«Департаментпен мониторинг барысында анықталған фактілер бойынша мән-жәйларды анықтап, тиісті шаралар қабылдау жөнінде мемлекеттік органдарға ұсыныстар жолданған болатын. Департамент бұл бағыттағы бақылауды күшейтеді» – деп атап өтті спикер Р.Төлебаев.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here