Аймақ басшысы Асқар Мырзахметов Тараз қаласының әкіміне нақты тапсырмалар жүктеді

0 4

Аймақ басшысы Асқар Мырзахметов қала активіне шаһардың жаңа басшысын таныстырып, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңір басшысы облыс орталығы болған соң қала әкіміне жүктелетін жауапкершіліктің салмағы да жеңіл болмайтынын атап өтіп, әлеуметтік мәселелерді шешуде, экономиканы көтеруде табандылық пен жүйелі жұмыстың керектігін баса айтты. Әсіресе, қала маңындағы саяжай-алқаптарын газдандыру мен таза ауыз су тарту, қаладағы жолдарды реттеу, жолаушылар тасымалындағы қоғамдық көліктерді электронды билеттендіру, аялдамаларды бірыңғай типке келтіру бойынша хаттамалық тапсырмалардың әлі күнге орындалмағанын тілге тиек етіп, жаңа әкімге осы орайда нақты шаралар қабылдау керектігіне назар аудартты.

Оның өз еңбек жолын қала әкімдігінен бастағандығына, сондай-ақ, Жуалы, Талас аудандарының әкімі, бүгінге дейін «ҚазТрансГаз Аймақ» Түркістан облыстық өндірістік филиалының директоры лауазымдарында қызмет атқарып келгендігін ескеріп, тәжірибесін елеп, сенім білдірді.

Өз кезегінде Айтқазы Дәулетқұлұлы артылған жауапкершілікті сезінетінін, сенім үдесінен шығуға барын салатынын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.