Тараздағы облыстық қазақ драма театрының алдынан Асқар Тоқпановтың ескерткіші ашылады

0 5

Жамбыл облысының 80 жылдығына орай Тараздағы облыстық қазақ драма театрының алдынан кәсіби режиссер, педагог- профессор Асқар Тоқпановтың ескерткіші ашылады, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Асқар Тоқпанов 13 қазан, 1915 жылы Алматы облысы, Іле ауданы, Шилікемер ауылында дүниеге келген. Қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері, педагог — профессор. Қазақ КСРнің Халық артисі .

1932 -1933 ж. ҚазҰПУ-да оқыды. 1939 ж. Мәскеу қаласындағы Театр өнері институтын бітірген. 1939 -1951 жылдары Қазақ академия драма театрында режессер қоюшы болып еңбек еткен.

М.Әуезов пен Л.С. Соболевтің «Абай» , Ш.Құсайыновтың «Марабай» , Әуезовтің » Сын сағаттасы» мен «Еңлік — Кебек», С.Мұқановтың «Жеңіс жыры», Ғ.Мустафиннің «Миллионер», А.П. Штейннің «Намыс соты», Д.Гоу мен А.Д. Юссоның «Терең тамырлары» секілді спектакльдерді сахнаға шығарды. 1951 — 1953 ж. қазіргі Қазақ академя балалар мен жасөспірімдер театрында, сондай-ақ, Қарағанды (1945-1946), Атырау (бұрынғы Гурьев; 1955, 1959), Жамбыл (1969 -1971) облысы қазақ драма театрларының көркемдік жағын басқарып, спектакльдер қойды.

Олардың қатарында: М.Ақынжановтың «Ыбырай Алтынсарин», Құсайыновтың «Нұрлы тас» , «Көктем желі» мен «Алдар көсесі», Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері Ақтоқтысы», Н.В. Гогольдің «Ревизоры», М.Әуезовтің «Абайы» мен «Қарагөзі», Мүсіреповтің «Амангелдісі», Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы», Н.Ф. Погодиннің «Кремль куранттары» (1970, Жамбыл облысы драма театры); Ә.Тәжібаевтың «Майрасы», Б.Майлиннің «Майданы», А.Үйғын мен И.Сұлтановтың «Әлішер Науаиы», т.б. спектакльдері бар. Тоқпанов спектакльдерді қоюмен бірге, кейбір басты рольдерді өзі де ойнады: Ыбырай (Ақынжановтың «Ыбырай Алтынсаринында»), Ленин (Погодиннің «Кремль куранттарында»; Республика театрлар байқауының лауреаты, 1970) т.б. Ол сахна өнерінің өзекті мәселелері туралы зерттеу мақалалар және пьесалар («Тазша бала», «Тасыған төгілер») жазып, қазақ тіліне Г.Ибсеннің («Нора»), «Шындық қатты — бақыт тәтті», «Шағала» мен «Иванов», «Күйеуге сенген аспаз», М.Горькийдің («Форма Гордеев») туындыларын аударды.

Алматыдағы театр училищесінде (1939 -1944) жөне Өнер институтында (қазіргі Қазақ үлттық өнер академиясы, 1955 — 1963 ж. кафедра меңгерушісі; 1975 жылдан професор) пед. қызметпен шұғылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.