Жамбыл облысында елді- мекен тұрғындарына 2,5 пайызбен несие берілуде

0 57

Өңірде «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасы қарқынды жүзеге асырылуда. Қазірдің өзінде 974 өтінім мақұлданып, тұрғындарға несие беру жұмыстары басталды, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

2,5 пайыздық жеңілдетілген несиеге қол жеткізгендердің бірі жуалылық Әлиза Сыдырғали. Алған қаражатына 3 бас мүйізді ірі қара мен 10 бас бұқашық сатып алған. Болашақта мал басын көбейтуді жоспарлап отыр.

Жалпы бұл жобаға 7,2 млрд. теңге бөлінген.

Оған ауыл шаруашылығы басқармасының «ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы» заңнамасына сәйкес сенім білдірген өкілі болып «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ бекітілген.

Бүгінгі күні «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына жобаның бес бағыты бойынша пилоттық 11 ауылдық округтен 2 228 өтінім түсіп, оның 974-і мақұлданған.

Қазіргі уақытта жобаның екінші бағыты бойынша берген өтінімдеріне сәйкес 4 азамат несие қаражаттарына қол жеткізді. Атап айтқанда, Жамбыл, Байзақ, Жуалы және Шу аудандарының тұрғындарынабарлығы 17,4 млн. теңге несие берілген.
Айта кету керек, несие шарттарына сәйкес ауыл тұрғындарының несие алуға берген өтінімдері мақұлданған жағдайда, жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден өтіп, банктен есепшот ашулары қажет. Жалпы кәсіпкерлерге несиенің негізгі өтеміне бір жылға дейін, ай сайынға пайыздық өтеміне жарты жылға дейін жеңілдіктер қарастырылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.