ҰБТ арнайы мониторинг мүшелерінің назарында

0 2

Енді ұлттық біріңғай тестілеудің әр кезеңі Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл департаментінің бақылауында болады. Бұл туралы арнайы өткізілген тестілеу мәселелері талқыланған кеңесте айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жиынға Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаменті, Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері, Арнайы мониторингтік топ мүшелері қатысты.

Ұлттық бірыңғай тестілеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеу қағидалары негізінде өткізіледі.

Ағымдағы жылы қаңтар айында өткізілетін ақылы ҰБТ-ға Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен қатар, ашықтықты және объективтілікті қоғамдық бақылауды жүзеге асыру мақсатында құзырлы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардан бақылаушылар қатысады.

Сондықтан, ҰБТ-ге кіргізу кезінде қатысушылардан тыйым салынған заттар (ұялы телефон, смарт сағат, калькулятор, шпаргалка т.б) табылған жағдайда ҰБТ-ге жіберілмейтіндігін, ҰБТ кезінде табылған жағдайда тестілеуден шығарылып, нәтижесі жойылатындығын назарға алуларыңыз қажет.

Айта кетейік, ҰБТ ертең 17 – ші қаңтар басталады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.