Сұрат ауылындағы 8 отбасы пилоттық жоба бойынша 108 бас мал сатып алды

0 1

Мал шаруашылығымен айналысуға ниет білдірген 234 азаматтың бүгінде 8-і жеңілдетілгег қаражаттарына мал алып, өз кәсіптерін бастады. Жалпы сомасы 21 млн. теңгеге 108 бас мал сатып алынған, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Сұрат ауылдық округінде мал шаруашылымен айналысамын деп ниет білдірген азаматтар тұрғындар санының 50,6 пайызын құрап отыр. Жалпы жоба жоспары бойынша сұраттықтар 605 бас мүйірді ірі қара, 150 бас бұқашық, 3550 бас ұсақ мал, 50 бас жылқы, 75 бас сауын бие, 5500 бас құс алуды көздеуде.

Жобаның шарты бойынша несие берілген тұрғындар наурыз айының аяғына дейін кәсібіне қажетті малын немесе құсын сатып алуы тиіс. Шаруалардың алатын малын ветеринар маманға көрсетіп, төлқұжатын тексертіп алуы қажет. Ертең бір ауру шығып, мал шығынға кетсе, азаматтың кәсібі өрге өрмелемейтіні анық.

Сондықтан, пилоттық жобаға қатысып, кәсібінен нәсібін табам деген сұраттықтар «Жеті ойланып пішкен тон, келте болмас» деп барлық қадамдарын жоспарлы түрде жасауда.

Қазіргі уақытта 8 отбасы 108 бас алынған малды күтіп, баптап, бірі сүт бағытын ұстануды көздесе, бірі малын бордақылауға кірісіп, ет бағытында жұмыс жасамақшы.

Мәселен,  Күлжанат Боранова шаруа қожалығын ашып, несиеге алғаш болып қол жеткізгендердің бірі. Ол 4 млн. 100 мың теңге қол жеткізіпті. Отағасы екеуінің жоспары бойынша 3 млн. 500 мың теңгесіне 14 бас мал алса, оның 600 мың теңгесіне жем-шөбін сайламақшы.

Осыдан 3-4 жыл бұрын «Агробизнес» бағдарламасы бойынша мал алып, бұл тірлікпен айналысып көргенбіз. Тәжірибеміз бар. Жақын арада несие алып, осы істі қайталайық деп отырғанымызда пилоттық жоба туралы естідік. Қуандық, өйткені 2,5 пайызбен және бір жылдық каникулы бар несие еш жерде берілмейді, өте тиімді. Бұл шаруаны нық тұрғызып алуға үлкен мүмкіндік. Қазіргі уақытта 6 бас бұқашықты қораға кіргізіп қойдық. Малды сатып аларда оның денсаулығына, құжаттарының дұрыс болуына басты назар аударудамыз. Өйткені өткен аптада аудан әкімі Мейірхан Азатұлы өзінің орынбасарларымен келіп жиын өткізді. Сонда мал базарында ауру малдарын сатып жатқан тұрғындар көп екендігін ескерткен болатын. Жақын арада тағы 5 тай, 1 бие алайын деп отырмыз. Құжаттары дайын болысымен олар да үйдегі бұқашықтар қатарын толықтыратынына сенім мол. Еңбектенеміз. Облыс әкіміне алғыс айтамын, халықтың тұрмысын көтеруге, табыс табуға мүмкіндік тудырғаны үшін,- дейді Күлжанат Боранова.

Айта кету керек, тұрғындардың табысын арттыруға байланысты тек Жамбыл облысында басталған бұл жобаға 11 ауылдық округ кірген болатын. Бүгінде аталғаг округ тұрғындарына 2,5 пайызбен несие берілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.