Облыс әкімі алғашқы жұмыс сапарын Қордай ауданынан бастады

0 0

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев алғашқы жұмыс сапарын Қордай ауданынан бастады. Аймақ басшысы Масаншы, Сортөбе, Қарасу, Қаракемер, Ауқатты ауылдарындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады, — деп хабарлайды  «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаеы 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның жай- күйімен танысты. 1991 жылы соғылған медициналық мекеме күрделі жөндеуді қажет етеді.

Алдына келген тұрғындарды қабылдап, дертін анықтау- әрбір дәрігердің міндеті. Ең бастысы бюрократия болмауы қажет,- деді өңір басшысы.

Мұнан соң облыс әкімі Қарасу ауылындағы 75 орындық балабақша мен Масаншыдағы 16 орта мектепте болды. Білім беру мекемесінде 873 оқушы оқитын болса, бүгін олардың 25 пайызы ғана сабақта екен. Мектептегі үйірмелердің санын көбейтіп, білім мен тәрбиеге мән беру керектігін баса айтқан облыс әкімі мұғалімдерге мемлекеттен жасалып жатқан жағдайға да тоқталды:

Ұстаздардың жалақысы артты. Құқығы мен мәртебесін көтеретін арнайы заң қабылданды. Қайтарым деген болу керек! Сіздер жақсы білім мен тәрбие берген болсаңыздар мынандай жағдай орын алмас еді, — деді Ол.

Өңір басшысының жұмыс сапары Масаншыдағы ауруханада жалғасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.