Қордай ауданына жаңа әкім тағайындалды

0 10

Дәулет Рүстем Рысбайұлы Қордай ауданың әкімі болып тағайындалды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Рүстем Рысбайұлы Дәулет 1974 жылы туылған, білімі жоғары, 1996 жылы «Элтекс» Жамбыл жоғары кәсіпкерлік мектебін «кәсіпкер-маркетолог», 2003 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік басқару», 2010 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы «Бостандық» акционерлік қоғамында жұмысшы болып бастаған болып бастаған.

Талас ауданы Бостандық ауылдық округі әкімінің орынбасары, ауылдық округ әкімі, Қаратау қаласы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының консультанты, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитетінің басқарма бастығы, «ALIT» ЖШС бас директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасы орынбасарының көмекшісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл және Шу аудандарының әкімі, Тараз қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

2018 жылғы сәуірден бастап Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарып келді.

Жамбыл облысы әкімінің 2019 жылғы «24» сәуірдегі № 67-Ж/Қ өкімімен Рүстем Рысбайұлы Дәулет Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.