Жамбыл облысы тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәлімдемесі

0 18

26 наурыз күні Жамбыл облысының тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментіне коронавирусты инфекция диагнозы расталған Ақмола облысының тұрғынының қайтыс болғандығы туралы ақпарат түсті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ағымдағы жылдың 15-18 наурыз аралығында Жамбыл облысының Шу және Меркі аудандарының аумағына келіп-кеткендігі анықталған.

Медициналық және эпидемияға қарсы қызметтер марқұммен байланыста болған тоғыз тұлғаны анықтады. Шу ауданында – 3, Меркі ауданында – 6. Олардан коронавирустық инфекциясына талдаулар алынды. Барған орындарында эпидемияға қарсы қажетті іс-шаралар жүргізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.