Жамбыл облысында 2020 жылы 600-ден астам нысан салу жоспарлануда

0 1

Жамбыл облысында 2020 жылы 600-ден астам нысан салу жоспарлануда , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайдың енгізілуіне қарамастан, экономиканың өмірлік маңызды салалары назардан тыс қалмауы керек. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен бейнеселекторлық режимде өткен жиында өңірдің құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыстар барысы сараланды. Нақтырақ айтсақ, жобалық-сметалық құжаттамалардың дайындалуы, құрылыс жүргізудегі ережелері мен нормалардың бұзылуына қатысты мәселелер сараланды.

Бердібек Сапарбаев төтенше жағдай кезінде ағымдағы жылдың жоспарына енгізілген жаңа нысандардың құрылысына дайындық жүргізу қажеттігін атап өтті. Құрылыс саласында қазір 600-ден астам жобаны жүзеге асыру міндеті тұр. Бұл мақсатқа бюджеттен қомақты қаражат бөлінген десек, оларды игерудің маңыздылығын айтпасақ та түсінікті

Біз төтенше жағдай кезінде туындаған көптеген экономикалық мәселелерді құрылыс арқылы шешуге тиіспіз. Атап айтсақ, жаңа нысандарды барысында бірінші кезекте жергілікті материалдарды пайдаланып, барынша жергілікті кадрларды жұмысқа тарту керек, — деді аймақ басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.