Тараз қаласында 41 аялдама жаңа архитектуралық үлгіге ауыстырылады

0 4

Биылғы жылы 41 аялдама жаңа архитектуралық үлгіге ауыстырылады. Тараз қаласындағы бұдан 3-4 жыл бұрын аялдамаларға шыны орнатылған болатын. Осы аялдамалар тұрғындардың жарнама парақшаларына толып, кейбірінің әйнектері сынып, қаңқасы тұр. Бүгінде қала билігі аялдамаларды қайта жаңғырту жұмыстарын қолға алды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық оюлармен безендірілген темір, пештен шыққан, қағаз желімделмейді. Қала бойынша 624 аялдама болса, 87 аялдаманың шатыры ұшқан, жан-жақтары сынған, жөндеуді қажет етеді. 152 аялдама соңғы 10-15 жыл көлемінде орнатылған. 185 аялдама кеңес кезінде ортнатылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.