Облыс әкімі Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

0 27

Құрметті жамбылдықтар!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі Күнімен құттықтаймын!

Бұл мереке біздің көпұлтты халқымыздың игі дәстүріне, бейбітшілік пен келісімнің символына айналды. Қазақстандықтардың ынтымағы мен бірлігі тәуелсіз еліміздің берік саяси негізіне, гуманизм мен төзімділіктің нық ұстанымына айналды.

Түрлі кезеңдерде түрлі жағдайлармен Ұлы Далаға көптеген ұлттар мен этностық топтардың өкілдері қоныс аударған. Алайда олар уақыт өте келе мұнда жергілікті халықпен сіңісіп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының толыққанды және ажырамас бөлігіне айналды.

Бүгінде біз еліміздің қайғысымен мен қуанышын тең бөлісіп, қиындықтарды бірге еңсеріп келеміз. Болашаққа бірге жоспар жасаймыз. Бізді көп нәрсе, әсіресе жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді сақтауға деген құштарлық байланыстырады.

Қазақстан халқының бірлігі күні – 87 ұлт пен ұлыстың өкілдері мекен ететін біздің аймақ тұрғындары үшін де айрықша маңызға ие. Бірлік пен ынтымақтың арқасында біз қилы кедергілерден өтіп, экономика мен әлеуметтік салада жетістіктерге қол жеткізіп келеміз. Біздің басты жетістігіміз – ортақ үйіміздегі тыныштық пен татулықтың сақталуы.

Сіздерге зор денсаулық, жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға бақыт және береке тілеймін! Отаншылдыққа, өз жерімізге және ортақ құндылықтарымызға деген сүйіспеншілігіміз біздің бірлігімізді одан әрі нығайта түседі деп сенемін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.