Азық түлік бағасын көтергендерге айыппұл салынды

0 2

Жамбыл облысында азық түлік бағасын көтергендерге айыппұл салынды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылғы 3 сәуірдегі министрліктердің (ҚР-ның сауда және интергация министрлігі, ҚР-ның ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР-ның Ұлттық экономика министрлігі) «Әлеуметтік мағызы бар азық-түлік тауарларының шекті бөлшек сауда бағаларын енгізу туралы» Бірлескен бұйрығымен әлеуметтік маңызы бар 9 азық-түлік тауарларының шекті бағалары белгіленген.

Тараз қаласы әкімінің 22.04.2020 жылғы «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларына мемлекеттік бақылау жүргізу мақсатында жұмыс тобын құру туралы» №47-ө өкімімен шекті бағаларға бақылау жүргізетін жұмыс тобы құрылды.

5.05.2020 жылы жұмысшы тобымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларына мемлекеттік бақылау жүргізу барысында 2 дүкенде қарақұмық, күріш, жұмыртқа, тұз бағаларының шекті бағадан асып тұрғаны анықталды.

Аталған дүкен басшылары ӘҚБтК-нің 202-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы соммасы 555 600 теңгені құрайтын айыппұл салынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.