Жамбыл облысында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған айрықша акция бастау алды

0 5

Адамзат тарихында өшпес із қалдырған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай Жамбыл облысында айрықша акция бастау алды. «Ұлы Жеңіске – 75 жыл» мерекелік акциясы аясында облыстың өнер шеберлері жылжымалы экипажбен Тараз қаласының тұрғындарына ерекше көңіл-күй сыйлады , —  деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Жылжымалы экипаж бағдарламасы ең алдымен «Жеңіс» саябағынан бастау алды. К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының өнерпаздары радио құрылғысы арқылы тұрғындарға мерекелік құттықтау жолдап, әскери және патриоттық әндерден радиокопозияциялар ұсынды. Ал облыстық қазақ және орыс драма театрларының өнер шеберлері хас батырлар Б.Момышұлының, Ә.Молдағұлованың, Р.Қошқарбавтың бейнелерін сомдап, А.Константинованың «Фронтовая любовь» диалогын орындады.

Сұрапыл соғыстағы батырлардың өшпес ерлігіне, өлшеусіз еңбегіне құрмет көрсетуге бағытталған акцияны қала тұрғындары ерекше қабылдады. Олар экипаж мүшелерінің өнерін үйлерінің балкондарынан тамашалап, ризашылықтарын қошемет көрсету арқылы білдірді.

«Жеңіс» саябағанына соң экипаж бағыты орталық «Достық» алаңы арқылы Абай, Әйтеке би, Ташкент, Көшеней сияқты негізгі көшелерге ұласты. Одан соң экипаж мөлтекаудандарды, Тәуке хан, Төле би көшелерін жүріп өтіп, «Жеңіс» саябағына қайта оралатын болады.

Қала тұрғындары аталған ацияны «Жамбыл облыстық мәдениет басқармасы» фейбук парақшасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Айта кетейік, бұл мерейлі мереке қанқұйлы жауды күйрете жеңіп, туған жерін қорғап қалған әкелеріміз бен аталарымыздың өшпес ерлігін дәріптейді. Қазақстандықтар қиын-қыстау кезеңде батырлық пен жанқиярлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Майданға аттанған 1 миллион 200 мың азаматымыздың жартысы елге оралған жоқ.

Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Леонид Беда, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Иван Павлов, Бауыржан Момышұлы, Сағадат Нұрмағамбетов, Мәлік Ғабдуллин, Хиуаз Доспанова, Рақымжан Қошқарбаев және басқа даңқты батырларымыздың есімдері мәңгі есте сақталады.

Соғыс жылдарында Қазақстанға көшірілген жүздеген өндірістік және өнеркәсіптік кәсіпорындарда мыңдаған отандасымыз еңбек етіп, Ұлы Жеңісті жақындатуға үлес қосты. Әрбір он оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілген қорғасыннан құйылды. Ауыл халқы жауынгерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін аянбай тер төкті.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.