Жаз 2020: Балалар – демалысқа, құрылысшылар – жұмысқа

0 3

Бөлінген қаражатты тиімді игеру, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың үнемі назарында. Бұл туралы мәселелер әкімдікте өткен жиындардың күн тәртібінен түскен емес. Кезекті рет өткен кеңесте бұл аспект білім беру саласының жай-күйімен бірге қаралды.

Күн тәртібіндегі тақырыптарды талқылаудан бұрын аймақ басшысы өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға қатысты халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуге назар аударды. Тиісті құрылымдар осы бағыттағы бақылауды күшейтуі керек.

Облыстық білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенованың айтуынша, аймақтағы 442 мектептің 5-еуі апаттық жағдайда. Бұл мәселені шешу үшін өткен жылдан бастап Қордай ауданында бір және Шу ауданында екі мектептің құрылысы жүргізілуде. Басқарма басшысы бұл нысандардың келер оқу жылының басында ашылатынына күмән келтірді. Өйткені бүгінге дейін онда жұмыстың 15 пайызы ғана орындалған. Аталған аудандардың әкімдері Рүстем Дәулет пен Жарылқасын Айтақов аймақ басшысын жұмыстардың белгіленген мерзімде орындалатынына сендірді.

Үш ауысымды тоғыз мектептің жай-күйі бойынша 2021 жылға айрықша басымдық берілуде. Келер жылы бірден мұндай алты мектептің мәселесі шешіледі деп күтілуде. 41,5 мың мектеп жиһаздарын ауыстыру үшін 749,3 млн. теңге қажет десек, Бердібек Сапарбаев бірінші кезекте тақталар мен парталарды ауыстыруға көңіл бөлуді тапсырды. Мұндай шараға нысандарды салатын компаниялар да атсалысуы тиіс.

Жабдықталған дәретханалар мен бейнекамералардың жиынтығы әрбір мектепте болуы керек, бұл Үкіметтің тапсырмасы. Оқу орындарының сыртқы көрінісін, қоршауларын реттке келтіріп, іргелес жатқан аумақты абаттандыруға ден қойған дұрыс, — деді облыс әкімі.

Биыл жазғы демалыс лагерлері маусымның екінші жартысында жұмысын бастамақ. Осы орайда 8,5 мыңнан астам бала ПРЦ-тест тапсыратын болады.

Гүлнәр Ходжабергенова мектеп жанындағы лагерьлерді ашпауды ұсынды. Мектепте оларды ұстау үшін қаражаттың тапшылығымен қатар, балалардың санитарлық нормаларды сақтауында қосымша проблемалар туындауы мүмкін.

Қашықтан оқытудың жаңа түрлерін белсенді енгізу қажет. Бұл әсіресе мүгедек балалар үшін маңызды. Барлық мектептерде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін енгізуі, өз түлектерімен байланысты нығайтуы қажет.

Облыста бар-жоғы 11 балалар лагері бар. Бұл өте аз Жаңа лагерлер ашатын боламыз. Біз міндетті түрде Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен балалардың демалысын ұйымдастыруды қолға аламыз.
Біздің балаларды Қазақстанның басқа өңірлеріне тұрақты түрде демалуға жіберіп отыру керек. Сонда олар өз қатарластарымен араласып, елімізді тереңірек тани түседі, — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.