Бердібек Сапарбаев цифрландыруға қатысты жұмыстарды сынға алды ⠀

0 1

«Жұмыс нашар жүргізілуде»- Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі цифрландыруды енгізуге бағытталған шаралар барысын осылай бағалады , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл мәселе ағымдағы жылдың сәуір айында өткен кеңесте жан-жақты талқыланған. Бір айдан кейін бұл тақырып тағы да қаралмақ десек, ол бұл бағыттағы жұмыстардың қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.

Кездесу барысында аймақ басшысы саладағы жауапты тұлғаларға тағы да нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, білім беру саласында жаңа оқу жылы басталғанға дейін ақпараттық жүйелерді біріктіру бойынша жұмыстарды аяқтау тапсырылды. Бұл дегеніміз, әр мектепте полиция бөлімдері мен жедел басқару орталығына байланыстырылған бейнебақылау камералары орнатылуы тиіс.

Сондай-ақ, әлеумет-еңбек саласында электрондық қызмет көрсету үлесін 70 пайызға дейін жеткізу, әлеуметтік ID-картаны іске қосу міндеттері қойылды.
Тараз қаласы бойынша басқару саласында әлі де көп шаруа атқарылу керек. Облыс орталығының басшылығы, ең алдымен, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды, «Ашық әкімдік» фронт офисін құруды қажет. Пәтер иелері мен сервистік ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты жетілдіріп, көшелерді жарықтандыруды басқару жүйесін реттей түскен ләзім.

Сондай-ақ, көлік саласында автобустарда электронды билеттендіруді енгізу міндеті баяғыша өзекті мәселе күйінде қалуда. Жол қозғалысы мен бағдаршамдарды басқару жүйесін жетілдіру ісі де маңызды болып отыр.

Бұған дейін өткен кездесуде жауапты тұлғалар алға қойылған міндеттердің ағымдағы жартыжылдықтың аяғына дейін орындалатынына сендірген еді. Енді ол мерзім қазан-қараша айына ауысыпты. Ол үшін себеп тауып, коронавирус, карантинді алға тартуда. Цифрландыру бойынша жұмыстарды бір айдан соң қайта қараймыз. Сұраныс қатаң болады. Бізге жай сылтау, бос сөздер емес, нақты нәтиже керек, — деді облыс әкімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.