Жамбыл облысындағы жеміс пен көкөніс өсірушілерге өз өнімдерін тікелей сатуға мүмкіндік жасалмақ

0 3

Болашақта өңірде ауылшаруашылық өнімдерін, жеміс –жидек пен көкөніс өсірушілер өз өнімдерін алыпсатарларсыз, тікелей сауда орындарына шығаруға мүмкіндік алмақ. Ол үшін арнайы дүңгіршектер мен сауда павильондарын ашу көзделуде. Бұл өз кезегінде маусымаралық уақытта бағаның төмендеуіне ықпалын тигізеді деп күтілуде, — деп жазады «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Бүгінде мемлекет нарығында сапалы, табиғи өнімдерге деген сұраныс жоғары. Балғын көкөніс, бақша дақылдары әлеуметтің күнделікті тұтынатын азық-түлігі . Мемлекет басшысы да экономиканы дамытудың бірден бір жолы тұрғындарды өз өнімдерімізбен қамтамассыз ету қажеттігін айтып жүр. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев та бұл бағытта ауқымды жоспар түзді. Енді шаруалар өнімдерін сату үшін делдалдарға жүгінбей арнайы павильондарға қол жеткізбек. Бұл туралы аймақ басшысы Жамбыл ауданына барған сапарында айтты.
— Осы арқылы жергілікті ауылшаруашылық өнідерін жинап, қайта өңдеу, алыпсатарлар санын азайту және бастысы маусымаралық кезеңде бағаны төмендету мүмкіндігі тумақ. Біз тиімді несиелер арқылы павильондардың ашылуына көмектесетін боламыз. Сонымен қатар, тұрақтандыру қорының резервтерін де осы жерде сақтауды қарастыру керек, — деген болатын.
Сөзімізге бір мысал. Жамбыл ауданында бір гектар жерді алып жатқан «Азамат» шаруа қожалығының жылыжайында қияр пісуде. Онда жылына 350 тоннаға дейін өнім жиналады. Қазір олар қызанақ өсіруге күш салуда. Ол көп уақытты талап етеді және қымбатқа түседі. Алайда, қызанақтың бағасы барлық шығындарды өтеуге қауқарлы. Азаматтықтар қиярды жылыжайда тікелей 220 теңгеден сатуда.
-Бірнеше жылдан бері көкөніс өсіріп келеміз. Жылыжайға жұмсалған шығындарымызды толық өтеп алдық. Тұтынушылар Тараз қаласының тұрғындары. Піскен көкөністерді осы жерден өздері келіп алып кетеді. Болашақта дүңгіршектер қойылса өте тиімді болар еді,-дейді шаруашылық басшысы.
Көкөніспен қатар күнделікті тұрғындардың жұмыртқаға деген сұранысы да жоғары. Ауданда орналасқан «Аса Даму» құс фабрикасы аймақтағы тауық жұмыртқасына деген қажеттіліктің 70 пайызын қамтамасыз етеді. Олардың өндірісін жылына 100 млн. данаға дейін арттыру жоспарлануда. Сонымен қатар, серіктестік 280 тонна тауық етін өндіреді. Өзінің жем фабрикасы бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.