Жамбыл облысында түнде фермаға бармақ болған отбасы адасып кеткен

0
1010

Жамбыл облысында төтенше жағдай қызметкерлері  Шу ауданы, Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Ақтөбе ауылынан 3 шақырымдай қашықтықтан адасып кеткен 3 ересек адам мен 1  жас баланы тапты,-деп хабарлайды “Zhambylnews” АА  ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жолаушылардың автокөліктері батпаққа батып, жолай бұзылып, кері қайтар жолды таппай түнімен адасқан. Араларында жас бала болған. Олар елді мекеннен 40 шақырымдай жерде орналасқан ферманы бетке алып  шығып, кері қайтар жолда бағытарын шатастырып,  адасып кеткен.  ТЖД қызметкерлері оларды таңғы сағат 6 шамасында тапты.  Іздеу шараларына 2 адам және 1 техника және жергілікті атқарушы органның  2 қызметкері мен күш-құралдары жұмылдырылған.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here