Жамбыл облысында сыйымдылығы 50 мың тонна болатын көтерме-тарату орталығы салынуда

0 2

Жамбыл облысында сыйымдылығы 50 мың тонна болатын көтерме-тарату орталығы салынуда. Олардың бірі Тараз қаласында орналасса, екіншісі Байзақ ауданында ,-деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

Аталған  көтерме-тарату орталықтары базарлар, дүкендер, мейрамханалар және басқа да бизнес орындары үшін азық-түлік тауарларының көтерме саудасын ұйымдастырады. Осылайша, делдалдық әрекеттерді жойып, жергілікті тауарөндірушілер өнімдерінің кепілді сатылымын қамтамасыз ету арқылы тауарлардың құнын төмендетуге ықпал етеді.

Бүгінде Байзақ ауданындағы кәсіпкерлер 135 миллион теңге жұмсаған «Jambyl Logistics БСО» сақтау қоймалары толығымен дайын. Басқарушылардың айтуынша, тек бір проблемалық мәселе өзекті болып тұр, яғни электр қуатының шамасы тым аз. Алайда бұл проблема алдағы екі аптада шешімін таппақ. «Jambyl Logistics БСО» барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, мұнда теміржол желілері жүргізілген. Жобаны жобаны жүзеге асыру үшін облыс әкімі де қолдау білдіруде.

Барлық он қойманың құрылысын аяқтап, іске қосу үшін кәсіпкерлерге 10 миллиард теңге қажет екен.  Жобаға қазір 500 миллион теңге қаржы құйылды, ал қалған қаражат субсидиялау мүмкіндіктерін пайдалана отырып алынады деп күтілуде.Орталықтың жұмысымен танысқан  Бердібек Сапарбаев кәсіпкерлердің өтініштерін тыңдағаннан кейін Олжас Қаржауовқа «Қарапайым заттар экономикасының» басым жобаларын несиелеу механизмі аясында осы мәселені пысықтауды тапсырды.

– Қазір жабдықтардың сапасы мен аймақты өніммен толық қамтамасыз ету үшін қоймаларды дайындау басты мәселе болып отыр. Қажетті температура мен желдету жүйесі жамбылдық фермерлердің қорын ұзақ уақытқа «консервілеуге» мүмкіндік береді. Ақпан айында картоп бағасының аспандап кеткені естеріңізде болар. Сондықтан осындай жағдайдың алдын алу үшін өнімді сапалы сақтауды ұйымдастыру қажет, – деді облыс әкімі.

Облыс әкімі азық-түлік нарығындағы бағаны тұрақтандыру мәселесіне ірі кәсіпкерлерді тарту қажеттігін тілге тиек етті. Тек қана әр кезеңдегі тиімді жұмыс – алқаптағы өнімдерді өндіруден бастап, сөрелердегі сатылымға дейінгі тынымсыз тірліктің арқасында тұтынушыларды сапалы тауарлармен қамтамасыз етуге және аймақтың экономикасын дамытуға мүмкіндік туады.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.