Жамбыл облысында үш әмбебап спорт алаңы ашылды

0 1
Жамбыл облысында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай үш әмбебап спорт және ойын алаңының ашылуы өтті. Жаңа нысандар Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында, Қордай ауданының Масаншы ауылында және Тараз қаласындағы Қаратау-2 шағын ауданында пайдалануға берілді , деп хабарлайды «ZhambylNews” АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спорт алаңдарының жобасын «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры облыс әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырған.
Жаңа спорттық және ойын кешендері бірнеше бөліктен тұрады. Атап айтсақ, жасанды көгалы бар 30 көрерменге арналған футбол, «workout» және балаларға арналған құм-төбешік, әткеншегі бар ойын алаңдарымен қамтылған. Алаңның периметрі бойынша қоқыс салатын орындықтар мен урналар орнатылған. Мұндай бір кешеннің аумағы 1300 шаршы метрді құрайды.
Тараздағы алаңның салтанатты ашылуына Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы қатысты.
Мемлекет басшысы елімізде барлық жастағы азаматтар арасында бұқаралық спортты дамытуды тапсырды. Ол үшін халыққа спорттық инфрақұрылымның қол жетімділігін қамтамасыз ету қажет. Бүгінде біздің облыста спортпен белсенді айналысу үшін барлық жағдай жасалған.
Ағымдағы жылы спорт нысандарының инфрақұрылымын жаңарту бойынша 120 жоба жүзеге асырылуда. Балалардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы біз оларды жағымсыз әдеттерден сақтай аламыз. Дені сау балалар – біздің болашағымыз! — деді Бердібек Сапарбаев.
Leave A Reply

Your email address will not be published.