Қордайда жаңа әлеуметтік нысандардың қатары артады

0 0

Қордайда жаңа әлеуметтік нысандардың қатары артады.   Бұл туралы бүгін ӨКҚ ақпарат алаңында Қордай ауданының әкімі  Рүстем  Дәулет айтты, — деп хабарлайды   «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Қордай ауданының әлеуметтік-эконокомикалық жағдайы жыл өткен сайын артып, халықтың әл-ауқаты жақсарып келеді. Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы бізге ел экономикасын арттыруға, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын жақсартуға қатысты бірқатар жаңа міндеттерді жүктеді. Тисінше, Қордай ауданында Жолдаудың негізігі бағыттары мен мемлекеттік бағдарламалар аясында жыл басынан бері атқарылған жұмыстар аз емес.

Жалпы бүгінгі күнге ауданның әлеуметтік-экономикалық, агроөнеркәсіп, мал шаруашылығы, шағын және орта бизнес, құрылыс, білім, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет сынды салаларды дамыту аясында қол жеткізген табыстары көңіл қуантарлық. Экономикамызды өсіруге, аудан бюджетін толықтыруға үлкен сеп болатын инвестиция тарту бойныша ауданда орасан зор жұмыстар атқарылуда. Ең бастысы ауыл-аймақта қаншама жылдар бойы көптің көңілін күпті еткен көптеген мәселелердің шешімі табылып жатқанына да тұрғындар куә.

Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында Қордай ауданы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларымен нақты көрсеткіштерге қол жеткізілді. Атап айтар болсақ, аталған есепті кезеңде аудандағы экономикалық көрсеткіштер төмендегідей көрсеткіштерді құрады.

Өнеркәсіп өнімі 101,2 пайызды (7,1 млрд. тг) құраса, ауыл шаруашылығы өнім көлемі 107,5 пайызға ( 8,3 млрд. тг) жетті. Құрылыс көлемі 102 пайыз (1,8 млрд. тг), Тұрғын үй құрылысы 116,8 пайыз (16,2 мың шаршы метр), инвестиция 149,1 пайыз (6,0 млрд. тг), көтерме сауда 116,4 пайызға (6,6 млрд.тг) құрап отыр.
Ауданның өнеркәсіп саласының дамуы мен өнім көлемінің артуына «ВетроИнвест», «Виста Интернейшнал», «Риха», «МВТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері сынды ірі кәсіпорындар өздерінің үлестерін айтарлықтай қосып келеді.
Осындай жетекші кәсіпорындары бар аудан кәсіпорындарымен тиісті мерзім ішінде өнеркәсіптің өсу қарқыны артып, 5 айда 101, 2 пайызды құрады. 2020 жылдың қорытындысымен өндіріс көлемі 767 млн. теңгеге артады деп күтілуде.
Тау-кен (НКИ -101,8 пайыз), өңдеу өнеркәсібінде (101,1 пайыз), электрмен қамтамасыз ету (109,4 пайыз), сумен қамтамасыз ету (85,4 пайыз) өндіріс көлемінің өсуі есебінен қол жеткізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.