Күшаман ауылында шағын футбол алаңы ашылды

0
23

«80 жылдыққа 80 игі іс» шарасы аясында бүгін 6 шілде Елорда күніне орай Күшаман ауылында жастар мен жасөспірімдерге арналған шағын футбол алаңы ашылды,-деп хабарлайды «Zhambylnews» АА. 

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізіліп отырған шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов қатысып, ашылу лентасын қиып, құттықтау ізгі тілегін жеткізді.  Сонымен қатар ауыл ақасақалы Бабақұл Қарсыбеков   жастарды спортпен айналысуға шақырды.

-Бүгін мерейлі мереке  қарсаңында ауылымызда осындай ойын алаңы пайдалануға берілді. Бұл-әсіресе балаларымыз, немерелеріміз, жастарымыз үшін пайдалы. Ауыл жастары салауатты өмір салтын ұстанып, денешынықтырумен айналысуларына жасалып жатқан жағдай. Біз өте қуаныштымыз, мереке құтты болсын,-деді Бабақұл Қарсбеков.

Нысанның ашылу  салтанаты халықты жинамай, санитарлық талаптарды қатаң ұстанып, әлеуметтік арақашықтық сақтала отырып өткізілді.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here