Бердібек Сапарбаев: Карантин шаралары жеңілдегенімен, босаңсуға жол берілмеуі керек

0 0
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен жедел штаб отырысы өтті. Онда коронавирустық инфекциямен күрес бағытында өңірде атқарылып жатқан істер, қолға алынған жұмыстар мен алдағы уақытқа жобаланған жоспарлар сараланды , — деп хабарлайды “ZhambylNews” АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 тамыздағы жағдай бойынша облыста КВИ белгілері бар 3947 адам тіркелсе, оның 82,2 пайызы жазылып шыққан. Бүгінде азаматтардан ПТР тест алу мен зерттеу мақсатында 7 зертхана жұмыс істеуде. Сондай-ақ 53 миллион теңгенің гуманитарлық және 634 миллион теңгенің демеушілік көмегі көрсетілген.

Штаб отырысын аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев қорытындылады.

Қазіргі таңда КВИ-мен ауыру көрсеткіші өсуі әлі де болса Тараз қаласында, Қордай ауданында байқалады. Сондай-ақ Жуалы, Т.Рысқұлов, Сарысу, Мойынқұм аудандары мен Тараз қаласындағы мобильдік топтардың жұмысы өте нашар. Бірнеше тексеру жүргізгенмен, ешқандай заң бұзушылық анықталмады деп есеп береді. Ал науқастардың тіркеліп жатқаны бар. Мысалы, Тараз қаласында кешегі бір түннің өзінде 8 науқас тіркелді, – деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі түсіндіру жұмыстарын күшейту керектігін ескертті.
Карантин режимін кезең-кезеңімен жеңілдету азаматтарды өз денсаулығына және айналасындағылардың денсаулығына жауапкершілікпен қараудан босатпайды. Эпидемияның жаңа өршуіне жол бермеу үшін біз санитарлық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды жалғастыруымыз керек. Халық арасында түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарының, әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажет,- деді ол.
Leave A Reply

Your email address will not be published.