Жамбыл облысында COVID-19 ауруының төмендеуі байқалады

0 3
Ағымдағы жылдың 24 тамызындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 6 жағдайы тіркелді , — деп хабарлайды “ZhambylNews” АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараз қаласының тұрғындары арасында екі симптоматикалық жағдай анықталды. Облыс орталығында 39 жастағы әйелге дене қызуы көтеріліп, ентігу, жөтел, әлсіздік шағымщдарына қатысты тест жасалды. 51 жастағы ер адамда да осыған ұқсас белгілермен шағымданған. Ол коронавируспен ауырған науқастармен тығыз байланыста болған.

Симптоматикалық тасымалдаушылар инфекциялық және провизорлық ауруханаларда емделуде.
Олармен байланысқан адамдар карантинге алынды. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Сондай-ақ, өткен тәулікте тағы 4 симптомсыз жағдай расталды. Коронавирус Жуалы ауданының 73 және Байзақ ауданының 62 жастағы зейнеткерінен анықталды. Олар ауруханаға жатар алдында коронавирустық инфекцияны анықтау мақсатында сынақтан өтті.Тараз қаласында 61 жастағы ер адам еңбек демалысынан кейін жұмысқа барар алдында кәсіби мақсатта тексерілген. Ал, Жуалы ауданында 22 жастағы әйел жүктіліне байланысты бақылаудан өткен.
Олардың барлығы үй карантинінде.
Ағымдағы жылдың 24 тамызындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 4063 жағдайы тіркелді, 3561 науқас емделіп, ауруханалардан шығарылды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.