Таразда өрт кезінде екі бала қаза тапты

0 8

2020 жылдың 1 қазанында сағат 09:57 минутта полицияға Тараз қаласы Ақмола көшесінде өрт болғаны туралы мәлімет келіп түсті, деп хабарлады Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер өртті сөндірген. Оқиға орнын қарау барысында полицейлер 2017 және 2018 жылы туған екі  кәмелетке толмаған баланың мәйітін тапқан. Болжам бойынша өлім газ иісінен уланудан болған, — делінген ақпаратта.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 292-бабы 3 б. бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған (екі және одан да көп адамның өліміне апарған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу). Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Жамбыл облыстық Полиция департаменті ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ, балаларын тұрмыста өзін ұстаудың қауіпсіздік ережелеріне үйрету қажеттігіне шақырады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.