Облыс әкімі жамбылдықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

0 22

Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаев облыс тұрғындарын Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесімен құттықтады, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

«Құрметті жерлестер!

Сіздерді бірлік пен берекенің, тоқшылық пен молшылықтың бастауы саналатын, көктемнің тамылжыған жайдары күндерімен бірге келген Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесімен құттықтаймын!

Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мереке – ежелден халқымыздың берекесі мен бірлігіне, бір-біріне деген риясыз тазалығына, татулығы мен ынтымақ-ықыласына арқау болып, шаттық пен қуанышқа кенелтетін ұлы күн.

Халқымыз бүгінде пандемия кезеңінде түрлі ауыртпалықтарды бастан өткеріп жатқаны жасырын емес. Елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген қауіпті дертке қарсы күрес әлі де жалғасуда. Дегенмен, біз ортақ күш-жігерімізбен, ынтымағы жарасқан халқымыздың жұдырықтай жұмылған бірлігіміздің арқасында бұл қиындықтарды да еңсереміз деп сенеміз.

Биыл, Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеміз, айбыны асқақ, Көк туы көкте желбіреген Қазақ елінің болашағы жарқын, бақыты баянды болсын деп тілеймін.

Наурызда айтылған барлық тілек қабыл болады деген наным бар. Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болып, еліміздің қуаты арта берсін!

Ақ мол болсын!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!» — делінген хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.