Жамбыл облысында биыл 620 тұрғын баспана бақытына ие болмақ

0 0

Жалпы өңірімізде коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегінде 32 мыңға жуық азамат тіркелген. Биыл барлығы 28 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Яғни, пәтер кезегінде тұрған 620 адам баспана бақытына ие болмақ, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Тараз қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде №15-ші шағын ауданда көпқабатты екі тұрғын үй пайдалануға берілді. Әрқайсысы 45 пәтерден тұратын қос үйдің алдында өткен салтанатты іс-шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысыты, қала тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтап, баспана қуанышын көптен күткен пәтер иелеріне баспана кілтін тапсырды.

Екі бөлмелі 45 пәтерден тұратын қос көпқабатты тұрғын үйге 7 мемлекеттік қызметкер, 6 ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, 15 толық емес отбасы, 2 мүгедек баласы бар отбасы қоныстанды. Қос тұрғын үйдің құрлысын жүргізген Тараз қаласында белгілі құрылыс компаниясы «Бином» ЖШС. 

Жалпы өңірімізде коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегінде 32 мыңға жуық азамат тіркелген. Биыл барлығы 28 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Яғни, пәтер кезегінде тұрған 620 адам баспана бақытына ие болмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.