Облыс әкімі Жамбыл жұртшылығын Қасиетті Рамазан айымен құттықтады

0 3

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жамбыл жұртшылығын Қасиетті рамазан айымен құттықтады, деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

«Қадірменді жамағат!

Баршаңызды Рамазан айының келуімен құттықтаймын! 

Қасиетті Рамазан айына баршамызды аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын.

Ораза айы әр мұсылман туған-туыстары мен бауырларына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, өзінің рухани дамуына зор мән береді. Ізгі ойлар мен игі істер өзара түсіністік пен келісімге бастайды, адамдарды ортақ мақсат-мүддеге жетелейді. 

Халқымыздың мәдениетінің алтын өзегі Ислам дінінің негізінде ғасырлар бойы қалыптасқан біздің діни таным-тарихымыздың тамыры ешқашан үзілген емес. Сол себепті ата-бабамыз ұстанған дәстүрлі дініміздің қадір-қасиетін жас ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың бойына киелі Отаны мен қасиетті жеріне деген ыстық ықыласты, сүйіспеншілікті қалыптастыруымыз қажет.

Қадірлі жерлестер!

Ұстаған оразаларыңыз, жасаған дұға-тілектеріңіз бен құлшылық-ғибадаттарыңыз қабыл болсын! Алла Тағала отбасымызға амандық, елімізге береке-бірлік, жерімізге тыныштық нәсіп етсін!» — деді облыс әкімі.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.