ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Өмір деген қас-қағым сәт

Өмір деген қас-қағым сәт

   Өмір сізге бір-ақ рет қана беріледі. Өз өміріңіз өз қолыңызда. Сіз соның суретшісісіз. Қандай бояу қолдансаңыз да өзіңіз білесіз. Сұр түсті қолдансаңыз, күңгірт өмір, ашық түсті қолдансаңыз көңілді һәм қызықты өмір деген секілді. Сіз ғана – бисіз, сіз ғана – қожайынсыз. Өзгергіңіз келе ме? Онда қазір бастаңыз. 

Бұл сенің өмірің. Жаның сүйген іспен айналыс. Үздіксіз іздене бер.  Бірдеңе ұнамаса – сол нәрсені өзгерт.  Жұмысың ұнамаса – тастап кет.  Уақыт жетпей жатса – теледидар көре беруді доғар.  Өмірлік махаббатыңды іздесең – осы жерден тоқта.  Өзің сүйген іспен шұғылдана бастағаныңда махаббат өзі сені табады.  Өміріңді талдай берме. Өмір есеп емес, талдауға сыймайды.  Өмір деген өте қарапайым.  Көңіл-күйдің бәрі де тамаша.  Тамақ ішкен сайын әр түйіріне разылық білдір.  Санаңды, құшағыңды, жүрегіңді жаңа өмірге аш.  Өзіңді адамдарға көрсет.  Адамдарды алуандылығы біріктіретінін есте сақта.  Сұрауға еш қаймықпа. Жауап беруден де қашқақтама. Арманыңмен бөлісуге де үрейленбе.  Саяхатта. Адасып қалған жерде өзіңді тауып алуың мүмкін.  Көптеген мүмкіндіктер тек бір-ақ рет беріледі.  Қармап қал.  Өмір деген сенің жолыңдағы адамдар, солармен бірге жасайтын жақсылық.  Қолыңнан келетіннің бәрін жаса.  Өмір деген қас-қағым сәт.  Дәл қазір баста. 
Дереккөз: massaget.kz

Пікір: 0
Пікір қосу