ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Ұлттық инновациялар байқауына қатысуға асығыңыздар!

Ұлттық инновациялар байқауына қатысуға асығыңыздар!

Ұлттық инновациялар байқауына қатысуға асығыңыздар!ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігінің ұйымдастыруымен Ұлттық инновациялар байқауы өтуде.
Байқауға мектеп оқушысынан бастап, ірі кәсіпорындарға дейін әр түрлі категориядағы өнертапқыштар мен рационализаторлар қатыса алады.
Байқау бес номинация бойынша өткізіледі: «Оқушылар арасындағы үздік инновациялық жоба», «Үздік жас ғалым», «Жылдың үздік рационализаторлық шешімі», «Кәсіпорында рационализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі», «Инновация тақырыбындағы үздік журналистік материал».
Байқаудың жалпы жүлде қоры 18 600 000 теңгені құрайды.
Сондай-ақ, байқауда жеңіске жеткен оқушылар, журналистер, жас ғалымдар танымдық-білімдік сапар аясында Ұлыбританияға бару мүмкіндігіне ие болады.
«Үздік жас ғалым» номинациясындағы жеңімпаз Лондонда өтетін FameLab халықаралық байқауында  ел атынан сынға түседі.
Қатысуға өтінімдер 2015 жылдың 25 қазанына дейін «ТДҰА» АҚ-ның ресми сайтында www.natd.gov.kz онлайн үлгісінде қабылданады, оқушылар өз өтінімдерін 2015 жылдың 22 қарашасына дейін жібере алады.
 Байланыс: : +7 (7172) 57 10 14, ішкі. 246, 245, 471, + 7 701 799 99 12, info@natd.gov.kz

Пікір: 1
Пікір қосу
Өнербек
“Coal & Metals Mongolia-2016” форумы
Моңғол елі алтын,күміс ,мыс тағы басқа да сол сияқты қазба байлықтарға бай мемелекет. Моңғолия елінің Ұланбатыр қаласында мамырдың 6-7 күні болатын “Coal & Metals Mongolia-2016” халықаралық форумына қатысуға шақырамыз. Екі үлкен форумы(Coal Mongolia, Metals Mongolia) және Көрме (MineTech) үшеуін біріктіріп бір бағамен көріп тамашалай аласыз.
форумды ұйымдастырушы: ГЛОЖЕКС компаниясы
толығрақ ақпараталу үшін www.coalandmetals.mn осы сайтынан Қазақша Монголша Қытай, Ағылшын тілдерінде
Рахымбайұлы Өнербек -тен алауыңызға болады.
Байланыстар: Тел: +976 99870677 +976 86977111
е-mail: onerbek@glogex.mn Onerbek90@mail.ru