Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың даналық сөздері

0
237

Назарларыңызға ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаевтың даналық сөздерін ұсынамыз. 

***

Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.

***

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,

Ол –ақынның білімсіз бишарасы.

***

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.

***

Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.

***

Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақшылық.

***

Егер жаманшылықты көп қылған болсаң, балаңның оқыған құраны сені неге жеткізеді?

***

Баланың мал табары болады, мал шашары болады.

***

Анттың, серттің, адалдықтың, ұяттың бір тоқтаусыз кеткені ме?!

***

Иман сақтауға –қорықпас жүрек,

айнымас көңіл, босамас буын керек.

***

Тірі адамның жүректен аяулы жері бар ма? Рақымдылық, мейірбандылық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек – бұлар жүрек ісі. Асықтық та – жүрек ісі.

***

Тіл жүректің айтқанына көнсе –жалған шықпайды.

***

Адам ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылық жоқтығынан азады.

***

Есті кісілер үлкен есі шықпай, ақылды қолдан жібермей, бойын сынатпай жүріп ізденеді.

***

Құдайшылық – жүректе. Қалпыңды таза сақта !

***

Мырзаларды мақтайын десең, осы күнде анық мырза елде жоқ, мал бергіш мырзаиттен көп.

***

Болыс пен биді құрметтейін десең, құдай берген болыстық пен билік елде жоқ. Сатып алған, жалынып, бас ұрып алған болыстық пен биліктің ешбір қасиеті жоқ.

***

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

***

Көптің аузын күзетіп күн көре алмайсың

***

Жігітті жұрт мақтаған – қыз жақтаған.

***

Жақсы дос – білген сырын сыртқа жаймас.

***

Досы жоқпен – сырлас, досы көппен – сыйлас.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here