Шерхан Мұртаза: :«Тұрар Рысқұловтың тым болмаса моласы да жоқ»

0 40

Тұрар Рысқұлов 1938 жылы атылды деп жазылатын. Қабiрi Москва түбiндегi Бутова деген деревнядағы зиратта дейтұғын. Бiрақ кейiн iздеушiлер сол Бутовадан таппады.
Кейбiр басылымдар Тұрардың өлген жылы «1943» деп жүр.
Тұрар Рысқұлов туралы «Служение народу» атты қомақты кiтап жазған москвалық профессор В.М.Устинов: – Өте құпия құжаттар бар. Ол тек генсектiң рұқсатымен ғана көрсетiледi. Бiр сөз бар: Тұрар Рысқұлов Солтүстiк Қазақстанда өлген, – дейдi-дағы, сыбырлап: – Аштан өлген, 1943 жылы, – дейдi.
Тұрар, миллиондарды сталиндiк-голощекиндiк аштық ажалынан (геноцид) арпалыса арашалаған Тұрар Рысқұлов ақыр соңында өзi аштан өлген?! Әдiлет қайда, атасына нәлет! Тым болмаса моласы да жоқ.
Шыңғыс ханның моласын осы уақытқа дейiн толып жатқан зерттеушiлер таба алмай келедi. Ал халықты аштық қырғыннан сақтап қалған Рысқұловтың моласын кiм iздейдi?

Бiр кем дүние.

Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Leave A Reply

Your email address will not be published.