Ойпырмай, нені бүлдірдім екен? Әмина Өмірзақованың естелігінен

0 17

Салт-дәстүрді ешкім іштен оқып тумайды. Бәрі – тәрбиеден. Мен де жас болдым. Бақытыма қарай, драмтеатрға келгенде кілең жақсы-жайсаңдардың ортасына түстім. Қалибек Қуанышбаев, Қапан Бадыров, Елубай Өмірзақов сияқты басқа да үлкен ақсақалдардан үлгі-өнеге алдым.

Мына бір оқиға әлі есімде. «Абайдың әні» фильміндегі Ажардың рөліне түсіп жатқан кезім. Бір күні көйлек пен сәукелені киіп алып, тарсылдатып жүгіріп келе жатқан-тұғынмын. «Стоп!» – деді Қаллекей. «Ойпырмай, нені бүлдірдім екен?» деп шошып кеттім. Сондағы үлкен кісінің айтқаны: «Қазақ әйелінің жүрісі қаздың жүрісіндей болады. Қазақ қыздары жігітке бақырайып қарамайды. Көзінің қиығымен-ақ бәрін көріп тұрады». Әдет-ғұрып, салт-дәстүр дегеннің бәрін осылай үйрендік. Ол кезде анам тірі болатын. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дейді ғой. Жалпы, өзім артта қалған адам емеспін. Өмірмен бірдей келе жатқан адаммын.

Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Leave A Reply

Your email address will not be published.