Мұқағали Мақатаевтың Дінмұхаммед Қонаевқа жазған хатынан: Мен үшін ең қиын күндер туды

0 8

1962 жылы (Н.С.Хрущевтің кезі) біздің ауданды жойып, туған ұжымшарды екі шақырым жердегі жаңа қонысқа аударды. Бұл колхозшылардың қалтасын қағып, көп қиындық келтірді; өз үйіңді қиратып, жаңадан ірге көтеру оңай ма? Әкемнің маңдай тері сіңген мектеп те бұзылды. Ғимарат оның көзіндей көрінуші еді (Бұл шынында да солай болатын, керек десеңіз, асыл мұра ретінде одан бір сурет те қалған жоқ). Аудан іріленген соң, біраз қызмет те қысқартылды. Мен тәуекел етіп, жұмыс та, баспана да болмай тұрып, үлкен үмітпен астанаға көшіп бардым (төрт бала, анам мен зайыбым және кіші інім бар еді). Бір бөлмені отыз сомға жалға алып, «Социалистік Қазақстанға» әдеби қызметкер болып орналастым. Әйелім қазақ тілі мен әдебиетінің маманы бола тұрса да, мектептерде орын болмай шықты. Тіршілікте тұрмыстың түйткілдері көп, үлкен қызым алтыншы сыныпта оқып жүріп апатқа ұшырап, дүние салды. Бір жыл газетте қызмет істеп, демалыс алып ауылға кеттім. Бірінші мамыр мерекесіне тап келіп, онда үш күн кідіріп қалдым. Кешіккенім үшін жұмыстан шығарып жіберді. Енді мен үшін ең қиын күндер туды.

17.V.1974 ж.
(От поэта Макатаева Мукагалия, проживающего в. г. Алма-Ате, по улице Панфилова, 147 кв. 95)

Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Leave A Reply

Your email address will not be published.