Психологиялық тест. Мыналардың қайсысы қыз?

0 22

№ 1-баланы таңдаған болсаңыз Сіз өте мұқият адамсыз. Барлық істеріңізді жоспарлы түрде жүзеге асырасыз. Мақсатыңыздың жолында барлық қадамға баруға дайынсыз. Сондықтан қаталдық сізге тән. Сіз тек жақсы қасиеттерге ұмтыласыз. Өзіңізге үлкен талаптар қоясыз. Еңбекқор адамсыз. Менмен емессіз. Сыңарыңызды сыйлап, жақсы көресіз. Тіпті сезіміңізді ойыншыққа айналдырып, тастап кетсе де, оны ұзақ уақыт бойы ұмыта алмайсыз.

№2-баланы таңдаған болсаңыз Сіз өте эммоцианалды адамсыз. Сондықтан үнемі құбылып тұрасыз. Бірде жұмсақ, бірде қаталсыз. Сондықтан сіздің қаталдық ұзаққа бармайды. Сіз жауапкершілікке бей-жай қарайтын адам емессіз. Өзгелерге қамқорсыз. Жұмысты «таза» орындауға тырысып, мойыныңызға көп міндет жүктеп аласыз. Мінезіңіз жақсы. Адамдар сізге сенеді. Сіз тез ойлап, тез әрекеттенуге дағдыланғансыз. Өткір тілді адам болғандықтан, таныс емес ортада да айтарға сөз табасыз.

№3-баланы таңдаған болсаңыз, сіздің жауабыңыз дұрыс. Қаталдық сізге тән дүние емес. Қолдан жасауыңыз мүмкін. Алайда, сіз өте мейірімдісіз. Және мұны барлығы біледі. Сіз көп ойланасыз. Идеяларыңыз бен ойларыңыз сіз үшін өте маңызды. Белгілі бір мәселені шешу үшін жалғыз қалып, ойланғанды жақсы көресіз. Сіз – интровертсіз. Ойланып, білім алуға құштар адамдармен тіл табыса аласыз. Адамгершілік туралы ойлануға көп уақыт жұмсайсыз. «Дұрыс жолмен» жүруге тырысасыз. Қоғамның пікіріне тәуелді емессіз.

№4-баланы таңдаған болсаңыз Ортаға тез кіре алмайсыз. Сондықтан сізді жіті танымаған адамның барлығы сізді қатал деп ойлайды. Алайда, ол адамдар қателеседі. Солай емес пе? Сіз – тәуелсіз адамсыз. «Бәрін өзім істеймін» деп үйренгенсіз. Өзіңізге ғана сенесіз. Өз мақсаттарыңызға жету үшін бас көтермей еңбек етуге даярсыз. Жақындарыңыз үшін бәріне қол жеткізуге тырысасыз. Олардың сізге тек шындықты айтып, адал болғанын талап етесіз. Кез келген ақиқат, пікір мен сынға дайынсыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.